Журналист Сандуғаш Дүйсенованың қамауға алынғаны хабарланды

Qaz365.kz редакциясы

Сандуғаш Дүйсенова Жетісу мен Алматы облыстарында өткір мәселелерді көтеріп жүрген журналист-блогер ретінде танымал

Қаңтар оқиғасында  Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің құлағанын фотоға түсірген журналист Сандуғаш Дүйсенова қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚазТАГ-тың жазуынша, оларға бұл ақпаратты таныс дереккөз растаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) қамауға алынған болуы мүмкін.

Сандуғаш Дүйсенова Жетісу мен Алматы облыстарында өткір мәселелерді көтеріп жүрген журналист-блогер ретінде танымал. Қаңтар оқиғасында Талдықорғанда Нұсұлтан Назарбаевтың демонстранттар тұғырынан құлатқан ескерткішін түсірген суреті кең таралған болатын. Бұл фотосы үшін журналист MediaCAMP Award 2022 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Фото «Конец эпохи»  деп аталады.