Алматыда «Ақкент» шағынауданындағы өрт кезінде тұрғындарды құтқарған азаматтар марапатталды

Qaz365.kz редакциясы

Қала әкімі мемлекеттік наградаларды азаматтарға табыс етті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ақкент» шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды:

Тілеужан Ахметханов, «Expo Masters» ЖШС менеджері;

Гюнай Шюкрю, «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі;

Эльдар Исмаилов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;

Йерделен Халил, «Gask Construction» ЖШС автокран операторы;

Кенан Мамедов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;

Вадим Романов, «Frank-Asia» ЖК автокранының операторы.

Қала басшысы өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен азаматтарға алғыс айтты.

«Бұл қайғылы оқиға халқымыздың өзгелер үшін бей-жай қарамайтынын, жанашыр әрі тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні оны айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен бірге, қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.