Неге ерекше балаларды кемсіте береді

Qaz365.kz редакциясы

Ерекше балалар қалыпты адамдарға қарағанда  белгілі бір саланы жетік меңгерсе, шыңына шығатындай қабілетті

Ерекше балалардың ішінде мектепті толық бітіріп шығатындары өте аз. Ал ол үшін арнайы ассистент, тьютор, психолог, логопед-дефектологтар оқытуда тиімді методика қолданбаса, ерекше балалардың ақпаратты қабылдауы қиын. 

«Ерекше балаларды кемсітпей, сандық технологиялар бойынша білім алуға жағдай жасау керек. Себебі олар қалыпты адамдарға қарағанда  белгілі бір саланы жетік меңгерсе, шыңына шығатындай қабілетті», – дейді педагог Нұрым Нұрғалиев Qaz365.kz-ке берген сұхбатында.

Ерекше баласы бар ата-аналардың осы және өзге де өзекті әлі күнге дейін шешімін таппаған проблемаларын Ras soz арнасынан «Инклюзивті білім берудегі қиындықтар қандай?» деген тақырыптағы сұхбаттан біле аласыздар.