«Ұрлықты тоқтатыңдар!»: Елорда тұрғындарының әрекеті қазақстандықтар таңғалдырды

Qaz365.kz редакциясы

EXPO маңында өткен тәжік жәрмеңкесі мерзімінен бұрын аяқталды

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде елорда тұрғындарының EXPO маңында өткен тәжік жәрмеңкесіндегі ерсі қылықтары қызу талқылануда. Видеода тек жеміс-жидекті ғана емес, сондай-ақ гүлді де пакетке салып алып жатқан адамдарды көруге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тәжікстанның мәдениет күндерінің көрмесі 29 тамызға дейін жалғасады деп жоспарланған, бірақ тауарлар тезірек таусылып, жәрмеңке мерзімінен бұрын аяқталды. Дегенмен, қала басшылығы бәрі ойдағыдай өтті деп есептейді.

“Екі күн ішінде іс-шараға 100 мыңнан астам адам қатысты.

Астанаға өз тауарларымен Соғды облысының 300-ге жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді. Көрме-жәрмеңкеде олар 1000 тоннадан астам өнім сатты.
Ал 2 күнде іс-шараға 100 мыңнан астам адам қатысты”, – деді Астана әкімдігі.

Дегенмен, Қазнет қолданушылары оқиға орнынан түсірілген видеомен бөлісіп, тұрғындарды сынға алуда.

 

“Үймелеген шыбын сияқты. Жалпы айтқанда әлемге күлкі болдық. Ештеңе өткізбеу керек. Ана жақта Димаш жүр қазақтың атын шығарып, мына жақта қазақтың тірлігін қара”, – дейді Қаракөз Айдаш есімді қолданушы

 

“Не болған бізге. Жүзім мен қарбызды қойып мына жақта тарелка ұрлап жатыр. Аш дейтін африкада адамдарға нан таратса мұндай талас болмайды. Кезегімен алады. Соғысып жатқан Украинада кезек. Мына жағдайда кімді кінәлауға болады? Тарелканы не істейді?”, – дейді Сәбит Рысбаев. 

“Гүлдерге дейін салып әкетіпті. Қолдағы пакеттерді қарасаңшы. Тойға келген сияқты”, – дейді Оңғар Қабден. 

Төмендегі бейнеде тәжік қонақтың  "ұрлауды доғарыңдар" деп айқайлап жатқанын көре аласыз: