Қырғызстан үкіметі TikTok желісін бұғаттамақшы

Qaz365.kz редакциясы

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі осындай шешім қабылдады

ilounge.ua

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі TikTok желісін бұғаттауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына теріс әсер ететін Tik Tok әлеуметтік желісінің зиянды әсері туралы бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өтініштерін ескере отырып, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі осындай шешім қабылдады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомство әлеуметтік желінің мазмұнын зерттеп, бұл платформа балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін, ақпаратқа қол жеткізуді шектемейтінін, сонымен қатар контенттің жас санаттарын қадағаламайтынын анықтаған.