"Адам өліп жатыр": депутат Ринат Зайытов МӘМС қызметін тоқтатуды сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Депутаттың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дұрыс жүйеленбеген

Telegram / Mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС қызметін уақытша тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Міндетті медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істемейді дейді депутат. 

«Адам өліп жатыр ауылда. Жедел-жәрдем келмейді. Сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді. Осыны жүйелегенше, дайындап қалпына келтіріп алғанша тоқтата тұруды сұраймын. Өйткені мұның халыққа қатты зардабы тиіп жатыр», - дейді Зайытов.

Бұған дейін депутат  Абай облысын аралаған кезде көрген-білген мәселесін айтқан еді.