«Ажырасқан әйелдер қоғамның соры» деген журналист: Күйеуім құлақ шекеден ұрғанда талып қалдым

Qaz365.kz редакциясы

Желіде журналист Меруерт Әйтенованың ажырасқан әйелдер туралы айтқан видеосы тарады

aitenova__meruert/instagram

Жақында желіде журналист Меруерт Әйтенованың ажырасқан әйелдер туралы айтқан видеосы тарап, қызу талқыға түскен еді. Ол «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында өзінің қалай тұрмысқа шыққанын, күйеуінің сабағаны туралы айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz
Оның күйеуімен отасқанына 20 жыл болған. Журналист қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. Күйеуі Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының тумасы екен. Жолдасы Дулат продюсер Баян Мақсатқызының алғашқы күйеуі Бақытбек Есентаевтің ауылдасы деп отыр. 


«Талай замандар өтті. Мен шала жетім, ол таза жетім. Бізді тіреп тұрған ағайын-туыс болған жоқ. Өз-өзімізді жетілдірдік. Ол құрылыс саласының маманы, мен журналистикаға кеттім. Бірінші перзентіміз шетінеді. Оны қайғыны да бірге көтердік. Қаланың ішінде әлі күнге үйім жоқ. Қаланың 6 соток жеріміз болды. Үй салдық, бір күнде жетілдік деп айта алмаймын. Өмір бойы еңбектеніп келеміз», -дейді Меруерт Әйтенова.


Ол тұрмысқа шыққанда күйеуі 32-де, өзі 27 жаста болыпты. Екеуінің арасы бес жас. Ақыл тоқтатқан тұста тұрмыс құрған. 


«Соның өзінде жас қыз бен жігіттің тірлігін істедік. Бұл ретте туыстармен, жеке қатынасқа да байланысты. Әрбір отбасының өзінің тарам-тарам жолдары бар. Тек ел алдында ғана әдемі болып көрінеміз. Негізі мен жақтан да, жолдасым жақтан да көмек болмады. Содан кейін өкпе қалыптасып қалған. 40 жастан асқанда туған-туыстың тойына барғанда «күйеуімді мақтап, соның арқасы» деп айтамын. Сөйтіп, алғашқы таяғымды қайын апаларым үшін жегенмін. Бір шай ішіп отырғанда қайын апаларымды жамандадым. Күйеуім қой деді, «қоймаймын» дедім. Бір кезде құлақ шекеден тартқанда талып қалдым. Күйеуім кім болсаң да, бауырларымды жамандама деп айтпады. «Сен менің тағдырымды көрген жоқсың, өмірімді сүрмедің» деп ескертуін жеткізді», - дейді журналист.


Өйткені оның күйеуі ата-анасы ерте өмірден өтіп, бауырлары бір-бірін жеткізген. 
Айта кетейік, ол жақында отандық бағдарламаның бірінде ажырасқан әйелдерді жек көретінін айтып, қоғамның қызу талқысына түскен болатын.