Өз кезегінде Президент Анголаның Луанда қаласында бір мәрте болғанын айтып қалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысына жасаған іс-сапары кезінде Сүлеймен Демирел атындағы университетінде оқитын Ангола азаматы, университеттің 4-курс студенті Ферейра Элишамен қазақ тілінде сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сізді көргеніме қуаныштымын. Анголадан келіп оқып жатырмын. Қазір қоңырат болып кеттім», - деді Ферейра Элиша.
Өз кезегінде Президент Анголаның Луанда қаласында бір мәрте болғанын айтып қалды.
«Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеп жүргенімде бір мәрте Ангола астанасы Луанда қаласына жолым түскен», - деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды.
Университет ректоры Әлімжан Игенбаевтың айтуынша, мұнда 8500-ден астам студент оқиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар. Сонымен қатар оқу ордасында 500-ге жуық профессор жұмыс істейді.