АЭС референдумы: Жамаубаев қанша қаражат кететінін атай алмады

Qaz365.kz редакциясы

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, референдумға қанша қаражат кететінін орталық сайлау комиссиясы айтуы тиіс

Фото:gov.kz

Жамаубаев АЭС бойынша референдумға қанша қаражат кететінін атай алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, референдумға қанша қаражат кететінін орталық сайлау комиссиясы айтуы тиіс.

«Ең алдымен, референдум қашан өтетінін айқындап алайық. Сол кезде ғана оған қанша қаражат кететінін айта аламыз», - деді Жамаубаев.


Жамаубаевтың сөзінше, Орталық сайлау комиссиясы референдумды биыл өткізуге дайын болса, олар үкіметке бюджет процесіне сәйкес тапсырыс береді. 

 

«Бірақ оның бәрінің есептеулерін алмай тұрып, қалай айтам. Мүмкін аз болар, мүмкін көп болар, көреміз», - дейді ол.


Еске сала кетсек, 1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум өтетінін айтқан еді.