Барлығы 18-20 жастағылар. Бурабайдағы Rixos қонақ үйінде 17 адам уланды

Qaz365.kz редакциясы

Барлығына тамақтан улану диагнозы қойылды

kompastour.com

Бурабайдағы 5 жұлдызды Rixos қонақ үйінде 17 адам астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Барлығына тамақтан улану диагнозы қойылды. Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығына тоғыз адам жатқызылды.

Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасованың айтуынша, «Rixos» қонақ үйінің қызметкерлері арасында 17 улану оқиғасы тіркелген.

«Бүгінгі таңда науқастардың жалпы санынан бір бөлігі Көкшетау қаласындағы Жұқпалы аурулар орталығына емделіп жатыр, қалғандары амбулаторлық емделуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, орташа ауыр. Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеруді тіркеді. Іс-шаралар өткізілуде. Қонақ үй қызметкерлері, оның ішінде тамақтандыру бөлімшесі тексерілді, азық-түлік өнімдерінің сынамалары, жуу, тамақ суының сынамалары алынды. Зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін ықтимал улану себептері жарияланады. Барлық сынақтар жүргізілуде», - деді Сәуле Сәдуақасова.

Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Сәкен Қалымжановтың айтуынша, қазірдің өзінде уланғандардың тоғыз адамы жұқпалы аурулар орталығы түскен. Уланғандардың барлығы 18-20 жас аралығындағы жастар.

Уланғандардың арасында жатақханада бірге тұрған студенттер де бар болып шықты.