Сот Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге үкім шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Ол өмір бойына сотталды

Азаттық радиосы

Айыпталушы өмір бойына сотталып, химиялық кастрацияға жіберілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Марқұмның ата-анасы үкімге келісті. Бірақ олар осы жылдың мамыр айында айыпталушыға тым жеңіл үкім шығарған судья мен прокурорды жауапқа тартуды сұрады.

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың жоғалғаны 13 шілдеде белгілі болды. Кейін баланың денесі көршісінің үйінің шатырынан табылды. Күдікті ұсталған соң ауыл тұрғындары наразылық танытып, оны халыққа беруді талап еткен.

Сотталушы Сайдолим Гаийбназаров 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталып, биыл мамырда ауылдасына балтамен шабуылдағаны үшін тағы да істі болған. Сот оның жәбірленушімен татуласқанын, 10 жылдық жазасын толық өтеп келгенін ескеріп, тек 3 жылға ғана түрмеге кескен. Ал кейіннен пробациялық бақылауға алып, босатып жіберген.