Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі ер адам қылқындырып, ұрып, дене жарақатын салған
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі сақалды жігіттің шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Түркістан облыстық әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Түркістан обысын әкімдігінің басшылығы бұл жағдайдан хабардар, бақылауға алынған. Білім басқармасының басшылығы мектеп директорымен байланыста. Бұл оқиғаға қатысты шағымданушы тарапынан арыз жазылды. Тергеу қорытындысы анықтайды. Жауаптылар жазасыз қалмауы тиіс. Қолдау көрсетіледі», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі Qaz365.kz тілшісіне.
Айта кетейік, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі ер адам қылқындырып, ұрып, дене жарақатын салып кеткен. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне заңгер Айгүл Орынбек айтқан болатын.