Медеу ауданының 55 көшесін жарықтандыру тізбесі жасалды

Qaz365.kz редакциясы

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесті

almaty.tv

Қала әкімі Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде ауданды электр қуатымен қамту жұмыстары жайлы айтып берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

“Біздің кездесулеріміз барысында көтерілген мәселелерді ескере отырып, Медеу ауданының 55 көшесінің тізбесі жасалды. Олар бойынша сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізу қажет. Ағымдағы жылдың соңына дейін 18 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Қалған көшелер бойынша жұмыстар 2023 жылы аяқталады”, ‒ деп мәлімдеді мегаполис басшысы. 

Кеңсай, Бутаковка және Каменское плато ықшамаудандарында жалпы ұзындығы 33,8 км электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгіндері 16,8 км электр желісін тарту жұмыстары аяқталды. Қалған 17 км электр желілері бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.