Мәжіліс депутаты Алтайдағы Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петицияны қолдады

Qaz365.kz редакциясы

Енді 50 мыңнан астам дауыс жинаған петиция үкімет деңгейінде қаралатын болады

Фото: YK-news.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы депутат өзінің Facebook парақшасында «Қолдаймын» деп жазды.

“Ол КСРО-ны көптеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының сүйегі мен қанынан тұрғызды. Бұл ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс, депортация, Семей полигонындағы ядролық сынақтар, құрғақ Арал және тағы басқа апаттар. 
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, оның өзіндік тарихы мен мәдениеті бар. Мемлекетіміздің құрылуына, нығаюына, дамуына шынайы әсер еткен, халық жадында мәңгі қалуға шынымен лайық ақын-жазушылар, ғалымдар, батырлар, хандар баршылық”, - деп жазылған петиция мәтінінде.

Еске салайық, Тоқаев «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойған болатын. Енді 50 мыңнан астам дауыс жинаған петиция үкімет деңгейінде қаралатын болады.