Халық батасын беріп туған бала - Серікзат Дүйсенғазы

Qaz365.kz редакциясы

Ақын құттықтап жатқан барша отандастарына алғысын айтты

Жеке мұрағаттан

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының атұстары өмірге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Барша қазақ жұртынан сүйінші сұраймын. Ақ жүрек азамат, айбынды ақын Серікзат Дүйсенғазы ағамыз ұлды болды. Алла періште сәбидің ғұмырын берекелі, ұзақ қылғай,  - деп жазды Марат Сәрсенбайұлы Facebook парақшасында.


Депутат Мақсат Толықбайдың парақшасында ақын құттықтап жатқан барша отандастарына алғысын айтты.

 

«Баланың жағдайы тамаша. Түс әлетінде сондай бір қуанышты жаңалық болды. Шынымен, анасы екеуі қазір перзентханада. Жағдайлары жақсы. Бала өзінің уақытына жетіп, дүниеге келді. Салмағы да, бойы да қалыпты. Халық батасын беріп туған бала. Халықтың қуанғаны жөн. Бұл – халықтың баласы. Алла Тағала, халықтың баласын халыққа қызмет істейтін азамат қылуға нәсіп етсін», - дейді Серікзат Дүйсенғазы.



 

Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтарында айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының жалғыз ұлы Бурабайға жақын жердегі шаңғы базасында көз жұмған еді. Ауыр қайғыдан есін жинаған әке кейін баласының өліміне қатысты шындықты айтып, желіде жазба жариялады.