«Жоғалдыңыз ба? Белсендіріңіз»: Қазақ тіліне сауатсыз аударылған Қазпошта сайты оқырмандар сынына қалды

Qaz365.kz редакциясы

Сайттың қазақша нұсқасын жасаған кезде интернеттегі аударма қызметті пайдаланғаны байқалады

Коллаж Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде Қазпошта сайтының сауатсыз аударылған қазақша нұсқасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазпошта менен не сұрап тұр? Қазақшадан қазақшаға аударып беріңіздерші», деп жазады Данияр Жаныс атты азамат әлеуметтік желіде.

Расында да, сайтқа кіріп қарасақ, функциялар өте сауатсыз аударылған. Мәселен, қызметтердің бірі «бос жасау үшін қызметті белсендіріңіз» деп аталады. «Менің жіберілімдерім» деген де түсініксіз сөздер бар. Кейде тіпті қазақша қызметтерді таңдап келе жатып, орысша нұсқасына түсіп кетуге болады. Себебі қызметтер сауатсыз аударылғанымен бірге, кейбір жерде тіпті тұтас орысша сөйлемдерді кездестіруге болады. Банк деректемелерінің қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ.
Сайттың қазақша нұсқасын жасаған кезде интернеттегі аударма қызметті пайдаланғаны байқалады. Сол күйі редакцияланбай, бірден Қазпошта сайтына көшірілген.