«Мүфтиятта да ондай адамдар бар»: Смайыл имам салафиттер жайлы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын, имамдарды қолдасақ болады – қолдамасақ ештеңе болмайды

Muftiyat.kz

Abay Live арнасындағы сұхбатында діни басқарма өкілі Смайыл Сейітбеков халықты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Мүфтиятта ондай адамдар (салафиттер жайлы) бар. Мүфти қазіретіміз оны айтып жатыр. Оның орынбасары да айтып жатыр. Бірақ менің айтқым келетін мәселе – біз сол қара шаңырақты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын, имамдарды қолдасақ болады – қолдамасақ ештеңе болмайды. Бірлесе жұмыс істеу керек. Біріміз былай, екіншіміз былай тартсақ, ол болмайтын тірлік», - дейді ол.

Имамның айтуынша, әлеуметтік желіде «арабқұл» деген сөз жиі кездеседі. Сондай-ақ қазір Мүфтиятпен күресетіндер пайда болған. 

«Жат ағыммен, салафизммен, такбаризммен күрес кезінде қазір дәстүрлі дінге де қарсы күрес басталып кетті қазір. Мүфтиятпен күресетіндер пайда болды. Көзбен көріп отырған дүнием «имамдар анандай», «намазхандар мынандай» дегендер шықты. Тәңіршілдікті қолдау керек дегендер де шықты. Қазақстанда тәңіршілдік болмаған. Ол дін емес. Батыс Қазақстанда бір конференция болды. Баяндамашының бірі «Қазақстан зоорастризмнің отаны» дейді. Айналайын-ау, оның отаны Парсы емес пе еді! Иран. Соны баяндама ретінде ұсынып жатқанда таңғалдым. Өзіміздің Абай, Шәкәрімнің, әулиелердің орнына отқа табынушыларды дәріптеп жатқан сияқты. Бұл деген сөз – салафизм мен вахабизм емес, жалпы дінмен күреске ұласып барады», - дейді Смайыл имам.