Алматыда есірткі құралдарын рецептсіз сату көбейген

Qaz365.kz редакциясы

«Жаңа Адамдар» жастар ұйымы  Алматы қаласының дәріханалары бойынша рейд жүргізді

style.rbc.ru

«Жаңа Адамдар» жастар ұйымы  Алматы қаласының дәріханалары бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Олар есірткі құралдарының рецептсіз сатылу жағдайлары анықтады. 18-20 аралығындағы жастар сатып алушының кейпіне енген. Белсенділер тез тәуелді болып кету ықтималдығы жоғары болатын дәрілерді рецептсіз сатып ала алған. Тәуелді адамдар мұндай препараттарды есірткілерге балама ретінде пайдаланады.  Тексерілген 16 дәріхананың арасында екеуінде қызметкерлер рецептсіз «жайбарақаттандыратын» препараттарды сатқан. Осы жағдайлар видеокамераға түсірілді», – делінген хабарламада. 

Есірткілік және психотроптық әсерді беретін дәрілер көз ауруларын, ұйқысыздықты, психикалық ауытқуларды емдеу және ауырсынуды басу үшін қолданылады. Адамдар мұндай препараттардың құрамындағы есірткілік заттарға тез үйреніп кетуі мүмкін. Заң бойынша, ондай препараттардың рецептсіз сатылуына тыйым салынған. Тәуелді жастар осы дәрілердің жағымсыз әсері туралы біле тұра, соларды есірткі ретінде пайдаланады. Көп жағдайда, мұндай «ләззат алу» үшін көп ақша керек емес. Кей-кезде фармацевттер рецепттің барын тексеруді ұмытады. Ал кейбір дәріханалар бұны мүлдем істемейді де. Тәуелді сатып алушылар арқылы бизнесмендер өз табысын көтеріп жатыр.

Алматы қалалық есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде «Дәрмек» тренингін өткізіп жүргендерін мәлімдеді. 


“Бұл жағдай біздің бақылауымызда.  Полициядан бөлек,  жергілікті тұрғындар да байқап қалса хабар беріп тұрады.  Есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен рецептсіз сатылу фактілерін анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтер жүргізетінімізді атап өткім келеді. Қазір мұндай есірткіні заңсыз таратқандар үшін жауапкершілікті күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленуде”, - деді Алматы қалалық ІІД бастығы полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.


Аталған бөлімше қызметкерлері жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында заңды есірткі айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарған анықтаған. Соның нәтижесінде 20 дәріханаға тексеріс жүргізіп,  есірткі құралдарын сақтау және өткізу тәртібін бұзудың 15 фактісі анықтаған.

Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 426 және 424-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.