«Киік көбейсе, жұт болады»: Экология министрі киіктерді қалай азайтатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Министр киік популяциясы қалай реттеледі деген сұраққа жауап берді.

inbusiness.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын реттеуге қатысты жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, жабайы табиғат аясында бұл жануарлардың саны табиғи жолмен реттеліп отырған, бірақ бұл табиғи реттеу жүйесі елімізде дұрыс жүрмейді. Сол себепті қолдан азайту ең оңтайлы шешім деп танылған.

«Киік санын қасқыр реттейтін, жұт реттейтін, індет реттейтін. Бүгінгі күні біз табиғаттың реттеуін күтіп отыра алмаймыз. Егер дәл осылай жалғаса берсе, жұт болады. Сондықтан біз оларды тиімді қолдануды көздеп отырмыз», - деді министр.

 Жалпы популяцияны 20% қысқарту жоспарланып отыр.

«Биологиялық негіздемеге сәйкес, киік санын реттеудің екі түрі ұсынылды. Біріншісі – коралдық (киіктерді айдап кіргізетін қоршау) әдіс. Бұл іс-шара әдетте күндіз жүргізіледі. Екіншісі – түнгі уақытта ату. Біз бірінші жолмен жүрдік. Алайда, ауа райының жағдайына және көлікті тиімді пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына байланысты еінші әдісті жоспарлап отырмыз. Мен жауаптан қашпаймын, киік санын реттеу қажет», - деді министр.

Ведомство басшысының сөзінше, бүгінде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кетті.

«Бұл қасқыр сынды табиғи реттеушінің жоқтығын орын алып отыр. Бұрын жұт, құрғақшылық болып, жайылым болмай қалатын. Мұнан бөлек, ауру таралатын», - деді Ерлан Нысанбаев.

Министрдің дерегінше, осы уақытқа дейін коралдық әдіспен 90-нан астам киік ауланды. Сонымен қатар 14 киік атып алынды.

 Жалпы популяцияны 20% қысқарту жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін ҚР ЭТРМ Қазақстанда киіктерді атуға 2024 жылға дейін мораторий жарияланғанын және оны ұзарту жоспарда жоқ екенін хабарлаған еді. Алайда министрлік кейінгі 10 жылда ақбөкендердің саны 10 есе өскенін айтты. Бөкендердің санының көптігі сонша, диқандар киік үйірлері егінді құртып жатыр деп шағым айта бастады. Сондықтан киіктерді қолға үйрету және бақыланатын ату мүмкіндігін қарастыратын түзетулер жобасы әзірленуде.

19 қыркүйекте ЭТРМ бұйрығымен киіктер популяциясы реттелетін жануарлардың тізіміне енгізілді. Бұйрық 2023 жылғы 6 қазанда күшіне енді.