Атырау облысының тұрғыны 32 жыл бойы КСРО-ның құжатымен өмір сүріп келген
Атырау облысының тұрғыны 32 жыл Кеңес үкіметі кезіндегі құжатпен өмір сүріп, жақында ғана Қазақстан азаматының жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Индер ауданының 65 жастағы тұрғыны тек биыл, денсаулық жағдайы мен зейнет жасына шығуына орай бірқатар мәселелер туындаған кезде ғана жеке куәлік алған.
«Аудандық полиция бөлімі басшысының нұсқауымен көші-қон қызметі тобының аға инспекторы тез арада қажетті құжаттарды дайындап, ақсақалға жеке куәлік табыстады. Өткен жылы осыған ұқсас үш жағдай Құрманғазы ауданында да тіркелген еді», – делінген полиция хабарламасында.
Ер адам полицейлерге жедел жұмысы мен көмегі үшін шексіз ризашылығын білдірді.