Халық әртісі атанған Димаш сахнада «Адай» күйін тартып, жұртты тәнті етті

Qaz365.kz редакциясы

Белгілі әнші марапаттау рәсімінде «Адай» күйін тартты

Фото: ашық дереккөздерден

Халық әртісі атанған Димаш сахнада «Адай» күйін тартып, жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін әлемге есімі танымал әнші Димаш Құдайбергенге «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді. Әнші марапаттау рәсімінде «Адай» күйін тартып, жиналған жұрттың делебесін қоздырды.

«Президентіміз әуеде ұшып келе жатқан кезде маған осындай тамаша жаңалықты жеткізген болатын. Ең бастысы – халықтың ықыласы, халықтың пейілі. Ол ешқандай марапатпен өлшенбейді деп ойлаймын. Сол себепті бұл атаққа лайықпын ба, лайық емеспін бе, оны көзі қарақты халық шешеді. Менің әрбір аяқ алысым, әрбір жеткен жетістігім, әрбір марапатқа ие болған сәтім көзі қарақты халықтың шешімімен болуы керек. Осы уақытқа дейін мені қолдап келе жатқан тыңдарман қауымға басымды иіп, рақметімді айтқым келеді. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әлемде бейбітшілік болсын! Өскелең ұрпақ қазақтың мәртебесін бүкіл әлем алдында рухани тұрғыда көрсететіндей деңгейге көтеріле берсін!» – деді Димаш Құдайберген Ақордадағы марапаттау рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.