«Халықты тонаған жемқорлар тозаққа кетсін»: Газ келгенде бата берген ақсақал ду күлдірді

Qaz365.kz редакциясы

Желіде ақсақалдың батасы қызу талқыланып жатыр

видеодан скриншот

Жетісу облысы Мұсабек ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл – Көксу ауданында газ құбыры тартылған сегізінші ауыл, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұсабек ауылында газ тарату желілері мен жеткізуші газ құбырын тартуға 523 миллион 827 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Алматы Production Construction & Invest» ЖШС атқарды.

Келген газдың лентасын қиған тұста ауыл ақсақалдарының бірі батасын берді.

«Әуелі құдай оңдасын,

Халқыма дәулет орнасын.

Береке-бірлік нығайып,

Алауыздық болмасын.

Ауылға енді газ келсін,

Қуанып халқым мәз болсын.

Ызғары кетіп суықтың,

Мамыражай жаз болсын.

Көмір жағып, күл төгіп

Әйелдер енді тозбасын.

Әділдік келсін қазаққа,

Қалмайық күлкі, мазаққа.

Халықты тонаған жемқорлар

Түгелімен кетсін тозаққа», – деп бата берді ақсақал.

«Газ жіберу деген қалай кетті?», «Әкімдер аумин демейді-ау...», «Әдемі айтты», «Миды ашытпаңдар деді-ау», «Әкімшіліктің жазғанын ұмытты-ау», «Жаман айтты, жер болды» деген пікірлер бар.