Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді
Алматы қаласындағы №2 жылу электр орталығы 2026 жылы газға көшіріледі, деп хабарлайды Qaz365.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.
Сапар барысында «Алматы электр станциялары» АҚ №2 ЖЭО және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС Орбита қазандығының жұмысымен танысты.
№2 жылу электр орталығында министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңі жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.
ЖЭО өкілдері EPC газға ауыстыратын мердігер анықталғанын, жұмыс басталғанын хабарлады.
Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, екінші ЖЭО-да №3 қазандық пен №1,2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалып біткен.
№ 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Жалпы «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны қараша айының соңында аяқталады.
Күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа дайындық паспорты алынған.