Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды

Qaz365.kz редакциясы
gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаржы аудару туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасын іске қосу туралы бастама көтерген болатын.