«Отбасы банк» басшысы 9-20-25 бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бағдарламаның шарттары 2024 жылы анықталады

azh.kz

«Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова «9-20-25» бағдарламасына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Соңғы уақытта жас отбасылар бізге жиі хабарласып, «Бір баламыз бар, өмірлік жолымызды енді бастап жатырмыз. Бірақ бізде баспана жоқ. Біз мемлекеттік қызметкер де, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкері де емеспіз. Біз осы санат бойынша баспана кезегіне тұра алмаймыз» деп мәселесін айтады. Оларды ескеріп және Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғынының дүниеге келуіне байланысты біз осы бағдарламаны («9-20-25» – автор) әзірлегіміз келеді. Оның ставкасы сәл жоғары болады», – дейді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол аталған бағдарламаның әлі басталмағанын және ешқандай лимиті де жоқ екенін жеткізді.

«Бағдарлама барлық талабы мен барлық механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады», – деді банк төрағасы.