«Қазақ мәдениетіне түкіргенім бар» деген ресейлік рестораторға іздеу жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Рестораторға қылмыстық бап бойынша федералдық іздеу жарияланды

Алматыда Sun Group мейрамханалар желісі бар ресейлік кәсіпкер, ресторатор Александр Орловқа іздеу жарияланды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рестораторға қылмыстық бап бойынша федералдық іздеу жарияланды. Ресейлік «Коммерсант», басылымының жазуынша, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 165-бабы (ұйымдасқан топпен аса ірі мүліктік залал келтіру) бойынша іс қозғалған.


Орлов 2022 жылдың басында Ресейден кетіп қалған. Сол жылдың тамыз айында ол өзінің үш ресейлік кәсібіндегі 33,3% акциясын сатты. Атап айтқанда, «Тануки», «Тануки-Краснодар» және «Тануки-Н.-Новгород». Сондай-ақ биыл жазда ол Bulldozer Group мейрамханалар тобынан құтылды.

Айта кетейік, Алматы мен Астанада Александр Орловтың бірнеше мейрамханасы бар.


Былтыр Орловтың әлеуметтік желіде қазақстандықтардың кәсіби деңгейін төмен бағалаған жазбасы қоғамда резонс тудырған еді.

«Орталық Азияда білікті кадрларды табу шынымен қиын, олар тапшы. Сондықтан осы аймақтан бастағандарға кеңес: басқа елдерден кадрлар әкеліңіз, әсіресе басында. Мен бастаған кезде бұл оңай болған жоқ. Бүгінде Қазақстанға адам әкелу әлдеқайда оңай», - деген болатын.

Әлеуметтік желідегі қазақстандықтардың наразылығынан кейін ресторатор «жан дүниесінде өзі қазақпын» деген жазба жазып, ақталуға асықты. Алайда оның жазылушылары мұндай кешірім сұрауына қанағаттанбады.