"Экомед" клиникалары жоғары көрсеткіштері бойынша өткен жылға қарағанда, осы жылы көбірек квотаға ие болды
Бұл туралы «Экомед» емханасының негізін қалаушы Салтанат Байқошқарова өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz.
Оның айтуынша, биыл да мемлекетіміздің квотаға жауапты мекемелері еліміздің бүкіл ЭКО клиникаларының нәтижелерін қатаң қадағалап, әділетті түрде квота санын бөлді. Алматы, Астана, Шымкент және Атырау қалаларында орналасқан "Экомед" клиникалары жоғары көрсеткіштері бойынша өткен жылға қарағанда, осы жылы көбірек квотаға ие болды.
"Экомед" клиникаларына сенім артып келген әр отбасыға алғысымызды білдіреміз. Жұмысымызды жемісті жүргізіп, еліміздің демографиялық жағдайын әрі қарай да жақсартуға бар күшімізді саламыз”, – деп жазды Салтанат Байқошқарова.