Құнанбайлардың арманы болған
Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан көз жұмғанда қай жерге жерлегенін қалайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Өмір деген лып етіп, қазір-ақ өтіп кетеді. Сондықтан Алла Тағала топырағымызды Мединадан бұйыртуды нәсіп етсін. Құнанбайлардың арманы болған, бұл менің де арманым. Ең болмаса, мұсылмандар мекендеген жерлерден бұйырсын. Бұл Стамбұл да тегін жер емес. Пайғамбарымыз нұсқаған жер. «Константинополь жерін алыңдар, соны алған әскер жақсы әскер, соны билеген патша жақсы патша» деген. Жалпы, құдайдың бұйыртқан жеріне ризамыз», – дейді Бекболат Тілеухан.
Ол егер Стамбұлда қайтыс болса, сүйегін перғауын сүйретіп жүрмейді деп отыр.