Мәжіліс депутаты әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, дүниеге әкелген әр баласы үшін әйелдің зейнетке шығу жасы 2 жылға қысқаруы қажет

baq.kz

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, дүниеге әкелген әр баласы үшін әйелдің зейнетке шығу жасы 2 жылға қысқаруы қажет. Бірақ, қысқаратын жылдар саны 10-нан артық болмауы керек.

«Осылайша, үш бала туған әйел зейнет демалысына 6 жыл бұрын шығады. Қазіргі таңда, әйелдердің зейнет жасын өсіруді тоқтатып қойған кезеңде, ол 55 жаста шығады. Ал әйелдердің зейнет жасы 63-ке көтерілгеннен кейін ол 57 жаста зейнеткер атануға мүмкіндік алады», – деді депутат.