Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады

Qaz365.kz редакциясы
Qaz365.kz

Қазақстан 2023 жылы Henley & Partners Visa Restrictions Index төлқұжаттар рейтингінде 70-орын алды. Республика азаматтары 76 елге визасыз бара алады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Отандық төлқұжаттың ағымдағы халықаралық ережесі көрсетіп отырғандай, еліміз биыл өткен жылмен салыстырғанда рейтингте 3 орынға жоғары көтерілген.

2022 жылы Қазақстан бұл рейтингте 73-орында тұрған, ал визасыз елдер саны 76-ны құраған болатын.

Визасыз бағыттар саны бойынша Жапония көш бастап келеді – оның төлқұжат иелері әлемнің 227 елінің 193-не визасыз бара алады.

Сингапур мен Оңтүстік Корея 192 нәтижемен екінші орынды бөлісті. Ең әлсіз төлқұжат Ауғанстанда, оның азаматтары 27 елге виза рәсімдемей бара алады.

Ал, Әзербайжан төлқұжаттар рейтингінде 76-орында. Оның азаматтары 70 елге визасыз баруға құқылы.

Henley&Partners компаниясының әлемдік визалық шектеулер индексі (Visa Restrictions Index) әлемнің 200-ден астам елі мен аумағының визалық ережелерін талдайды және оларды визасыз кіретін елдер саны бойынша саралайды.