Қостанайда 42 көпқабатты үй, мектеп пен әуежай уақытша жылудан ажыратылды

Qaz365.kz редакциясы

Құбырдағы апатқа байланысты

ашық дереккөзден

Қостанай облысында 42 көпқабатты үй, мектеп пен әуежай уақытша жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Қостанай жылу энергетика компаниясы» РМК-ға сілтеме жасап.

Герасимов көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында жерасты жылу желісі жарылған. Осыған байланысты 20 желтоқсанда сағат 12.00 - 20.00 аралығында 42 көпқабатты үй, №29 орта мектеп мен Қостанай Халықаралық әуежайына жылу беру тоқтатылды. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жұмыстарды мүмкіндігінше тезірек аяқтауға бар күшімізді саламыз», – делінген хабарламада.