Белгілі актер Ыстамбұлдан пост жариялады
Белгілі актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде эмоцияға толы жазба жариялап, ерлі-зайыпты жастарды ешқашан ұрсыспауға, ажыраспауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Аллаға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бәрі керемет! Солай болды. Мен бір ғана нәрсені айтқым келеді. Қымбатты достар, егер сіздердің араларыңызда кішігірім ұрыс басталайын деп жатқан болса, уже тыйып тастаңыздар. Жақындамаңыздар. Керек емес. Мүлде ажыраспаңыздаршы, достар. Ешқашан.
Ыстамбұлдамын. Дәл осы жерде жүріп, мен өзімнің махаббатымды, өзімнің сезімімді ол адамға білдірген болатынмын. Осы қалада үйленуге ұсыныс жасадым. Осы қалада теңіз жағасында жүріп армандайтынбыз. Сол армандарымыз, Аллаға шүкір, барлығы орындалды. Барлығына жуық орындалды. Бірақ, өкінішке қарай, бұлай болатынын ешкім ойламайды. Дәл қазір дәл осы жерде мен ол адаммен қоштасқым кеп тұр», - дейді ол видео арқылы үндеуде.
Актер ажырасу қиын екенін, қиын болса да жарты жылдай уақыт өткенін, еш нәрсе өзгермейтініне көзі жеткенін айтады.
«Сол себепті қоштасудан басқа еш нәрсе қалған жоқ. Жаңа өмір бастау керек. Себебі өмір жалғасып жатыр. Қысқа ғана өмір сүретінімізді білмейміз. Бізге берілген уақытты тиімді, жақсы пайдаланғым келеді. Сол себепті дәл қазір осы жерде ол адаммен қоштасқым келеді», - дейді актер.
Еске сала кетейік, былтыр тамызда Жахан Отарғалиев Instagram-дағы Stories-да «осымен өкінішке қарай бәрі бәтті» деген видео жариялаған еді.