Кеше Алтынай Жорабаева бесінші перзентін өмірге әкелді
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиіне ерекше есім қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Амина Әлішерқызы. Қош келдің, ботам! Бес қызым – бес бармағым. «Аман-есен жаның қалсын» деген тілектеріңіз қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. «Босанатын әйелдің бір аяғы – жерде, бір аяғы – көрде» дегендей, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс. Серіктес боп әпкем кірді. Ер адамның серіктес болғанын құптамаймын. Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есік алдында дұға жасаумен болды. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз еселеп қайтсын!» – деп жазды Жорабаева.
Айта кетейік, күні кеше Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін өмірге әкелгені жайлы сүйінші хабарды жазған едік.
Әншінің бірінші некесінен төрт қызы бар. Екінші рет Әлішер есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан болатын.