«30 мыңдай адам ауырды»: Ажар Ғиният «халықты вакциналауды міндеттеу керек пе» деген сауалға жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Халықты вакциналауды міндеттеу керек пе

Фото: primeminister.kz

Елімізде былтыр 30 мыңдай адам қызылша жұқтырған. Қараша айынан бері инфекцияларға қарсы қосымша вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін баспасөз жиынында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. .

Министрден тілшілердің бірі ауру асқынып жатқан тұста вакцина алуға елді міндеттеу керек пе деген сауал қойған. Бірақ ол нақты жауап бермеді. 

«Бүгінгі таңда 30 мыңдай адам ауырып жатыр. Оның ішінде 5000 ересек адам бар. Қалғаны балалар. Қызылша және басқа да ауруларды болдырмау үшін квота бөліп жатырмыз. Келесі жылы басқа инфекциялар бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі. Бәрі заң жүзінде. Халықта қандай жағдай болып жатқанын, балаларының ауырып жатқанын көріп отыр. Медицина қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жалғастырады. Жалғыз қызылша емес, паротит бар. Бұл аурудың асқынуы қатты болады», – деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, қыркүйекте Үкімет резервінен қаражат бөлініп, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 1,5 миллион дозасы сатып алынды. Қараша айынан бастап аталған инфекцияларға қарсы қосымша вакцинациялау жүргізіліп жатыр.