Электронды еңбек биржасына 119 мың бос жұмыс орны ұсынылған
Қазақстанда ең жоғарғы жалақы алатын мамандықтар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Электронды еңбек биржасына 119 мың бос жұмыс орны ұсынылған. Оның ішінде кей мамандық иелеріне 1,5 млн теңгеге дейін айлық ұсыныпты. Мәселен, өнеркәсіптің бас технологтары үшін еңбекақы 945 мың теңгеден басталады. Ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі инженерлерге кемі 800 мың, ал сәулетшілерге кемі 700 мың деп көрсеткен. Сәйкесінше, дәл осы мамандық иелері өз қызмет ақысын бір жарым миллионға дейін бағалаған.