Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Qaz365.kz редакциясы

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы

Фото: ашық дереккөзден

Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті К. Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», – делінген ведомствоның Tengrinews.kz редакциясына берген жауабында.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Еске салайық, бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын.