Жамбыл облысында балық аулауға шыққан екі дос хабар-ошарсыз кетті

Qaz365.kz редакциясы

Көмекке келген техниканың күші жетпеуде

Фото: әлеуметтік желіден

Жамбыл облысының ТЖД Жуалы ауданындағы Билікөл көлінде балық аулауға шыққан екі азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

​Алдын ала болжам бойынша, бір апта бұрын балық аулауға шығып, қатты желден толқын батырып алып кеткен. 

​Тұрғындардың айтуынша, облыстан бір ғана техника келіп жетіпті. Оның өзі көмектесе алмай жатыр дейді.

​«Басқа балықшылар көлдің ортасында екі адамды көрген. Олар өмірлері үшін арпалысамыз деп, жағаға жетуге асығыпты. 10 минуттан соң қатты жел тұрып, қайтадан қараса, жоғалған азаматтар жоқ», – дейді желі қолданушысы.

​Айтуларынша, жергілікті билікөлдік Бақытжан және Ернар деген азаматтар екен.