«Талайды тәубесіне келтірген түн»: Ардақ Назаров Алматыға Алладан ескерту келгенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Депутат әлеуметтік желіде жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

Скриншот

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Талайды тәубесіне келтірген түн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені, үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан. Тәубеңе кел», – деді депутат.

Еске салайық, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды. Алматы тұрғындары сезінген дүмпу бес балға жетті. Шымкентте ауытқу екі балды құрады.

Кейін қазақстандық сейсмологтар Алматы маңында тағы бірнеше жер сілкінісін тіркеді.