«Қазақ, өзбек деген ұлт болмаған, Ресей империясының жерін бөліп алған этникалық топтар»: Ресейден тағы арандату басталды

Qaz365.kz редакциясы

Ресейлік тарихшының арандатуы

Видеодан скриншот

Ресей жақтан Қазақстанға қатысты әртүрлі арандатулар тоқтар емес. Бұл жолы тарихшы Михаил Смолин НТВ арнасының эфирінде Орталық Азия халықтарының революцияға дейін мүлдем ұлт ретінде болмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанның қалай пайда болғанын қараңыз. Әу баста, Ресей советтік федерациялық социалистік республикасының құрамындағы  Қазақ ССР-і деген пайда болды. Ол кезде ешқандай қазақ деген сөз болған жоқ. Сосын Қазақ ССР-інің құрамында Қырғыз ССР-і дегенді құрды. Одан кейін оларды РСФСР-ден бөліп шығарды. Ол жерде ұлт қалыптастыруға қатысты небір сорақы шешімдер іске асты. Мысалы, революцияға дейін өзбек деген болған емес. Ондай этникалық атау жоқ. Әйтеуір, бірнеше Орталық Азиядағы ұлттан өзбектерді жасап шықты. Тура солай, әзербайжан ұлтын айтсақ болады. Әзербайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес. Айтпағым Ресей империясының жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берді», – дейді Михаил Смолин.

Осының алдында ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки «Қазақстан орыс тілін ысырып» жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.