Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көлігінен 100 келі есірткі тәркіленді – ҰҚК

Qaz365.kz редакциясы

Жүк автокөлігінде жасырылған

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемді есірткі контрабандасы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, тәркіленді.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.