Қазақстанда қазақ тілін талап ету қылмыс па?

Qaz365.kz редакциясы

Министр тілшілердің сұрағына жауап берді

Фото: ашық дереккөздерден

Жақында Павлодарда «тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін жындыханаға қамағаны туралы ақпарат тараған. Арада бір күн өткенде депутаттар, қоғам белсенділерінің араласуымен үйіне жіберілген. Бүгін Мәжілістің кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол кісінің үстінен арыз түсті. Полиция барды. Сараптама жасалып, тексеріс жүргізілді. Есепке қойылды. Енді оның анық-қанығын Денсаулық сақтау министрлігі айтады», – деді министр.

Тілшілердің бірі «Қазақстанда қазақ тілін талап ету қылмыс па?» деп сұрады. Ержан Сәденов «жоқ» деп жауап берді.

Айта кетейік, Руза Бейсенбайтегін жақында полициясы бар, «жедел жәрдемі» бар, бәрі алып кеткенін әлеуметтік желіге журналистер жазған еді. Арада бір күнде қоғам белсендісін босатты.