Сүйінші: Бүгін 18 жасқа дейін балаларға 45 мың теңгеден түсті

Qaz365.kz редакциясы

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қорда жинақталған қаражатты пайдалану бала 18 жасқа толған кезде жүргiзiледі

Azattyq-ruhy.kz

Бүгін  кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша алғашқы төлем түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпарат kids.enpf.kz сайтында жарияланған. ЖСН бойынша баланың бағдарламаға қатысатынын тексеруге болады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қорда жинақталған қаражатты пайдалану бала 18 жасқа толған кезде жүргiзiледі. Бұл жинақтар кәмелетке толған адамның ерекше меншігі, ол қаражатты (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға) қалай пайдалану керектігін өзі шешеді. Бұл ретте шетелдiк оқу орнында оқуға ақы төлеуге арналған қаражатты пайдалануға шектеулер жоқ.

2006 жылы және одан кейін дүниеге келген Қазақстанның барлық баласына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы түсіп тұрады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішіндегі орташа сомамен есептеледі. Барлық бала бірдей сома алады.
Бүгін балаларға 100 доллардан, яғни 45 мың теңгеден түсті. Тексеру үшін баланың ЖСН енгізіп, «тексеру» түймесін басу қажет.