Қазмұнайгаздың мердігер ұйымының қызметкері жұмыс орнында қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Ол жұмыс барысында көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ға тиесілі «Өзен» кен орнында «ҚазМұнайГаздың» мердігер ұйымының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 27 қаңтарында болған.

Алдын ала берілген есепке сәйкес, оқиға НГДУ-3 жұмысшыларының міндетіндегі №4192 ұңғымасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сағат кешкі 21:25-те болған.

«Мұнайспецснабкомпани» ЖШС цементтеу агрегатының машинисі бригада қызметкерлерінің тұрғын-жайына арналған вагонда – культ стендінің баспалдағымен көтерілген кезде токқа түскен.

Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жұмысшының қайтыс болғанын хабарлаған. Оқиғаға тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзуы себеп болғаны айтылады.