Жәнібекті медициналық тіркеуде тұрған бельгиялық әйелге неге беріп жіберген – Елшілік жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі жауап берді

Фото: әлеуметтік желіден

«Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы Жәнібек Жұмағұловқа қатысты Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Редакция екі сауал жолдаған.

Оның біріншісінде: «Жәнібек Жұмағұловты асырап алған бельгиялық келіншектің есебі неге түгел емес?»

Екіншісі: «Жәнібек Жұмағұловты асырап алған бельгиялық келіншек бірнеше рет медициналық емдеу мекемесіне жатқызылған. Сол жылдары Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баланың жағдайынан хабардар болған ба? Егер мемлекеттік органдар хабардар болса, қандай шешім қабылданды?»

Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұханнан келген жауап хаттың мазмұнында Жәнібектің көмек сұрап, елшілікке хат жазбағаны айтылған.

Ал асырап қалуға қатысты жауапта ешқандай агенттіктің араласуынсыз, жеке жүзеге асқаны жазылған. Сонымен қатар Жәнібектің кәмелеттік жастан асқаны ескеріліп, оған ақпараттар басқаларға берілмейтіні ескертілген.

Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп бағуда.