Сот шешім шығарды
Шымкент сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Серғазин мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Оған 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», – деді Дәурен Серғазин өзінің Facebook парақшасында.
Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 млн теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған Қоқанбаевты бірінші сатыдағы сот ақтаған еді.