Желіде тараған аудио шынайы ма?
Әлеуметтік желіде әзілкеш Нұрлан Сабыров пен журналист Тина Канделаки арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарап жатыр. Онда Канделаки Сабыровтан «өзіне және Ресейге пайдалы» пікір білдіруді талап етеді. Бұл жазбаның шынайылығына байланысты сарапшы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Нейрондық желілер саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутханның айтуынша, бұл анық фейк.
«Әрине, бұл фейк. Бірнеше нейрондық желілер бар: Heygen, Elevenlabs, олардың көмегімен бір минутта кез келген дауысты «клондауға» болады. Қазір көптеген елдерде заң бар екенін білемін. Жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген мазмұн арнайы белгімен белгіленетін болса, онда адам нақты қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін», – деді Маутхан.