Автобус қалаған жеріңе жеткізетін такси емес - Алматы қаласы мобилділік басқармасының басшысы қала тұрғынына жауап берді

Qaz365.kz редакциясы
turkystan.kz

19 қаңтарда Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу барысында қала тұрғыны қоғамдық көлік мәселесін, яғни автобустың өзіне қажетті нүктеге жетпейтінін айтып шағымданды.

 “Автобустың такси емес екенін түсіну керек. Бәрін “А” нүктесінен “Б” нүктесіне жеткізе алмаймыз”, – деп жауап берді Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.