Олар қазақша сөйлеп, қазақша ет асқан
Әлеуметтік желіде қазақша ет асып, қазақша сөйлеп тұрған африкалық жігіттерге оқырмандар риза болып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ассалаумағалейкум, достарым! Мен бешбармақ дайындап жатырмын», – дейді африкалық азамат.
Ол қамырды да өзі илегенін көрсетеді.
«Достарым, ет дайын. Ас болсын! «Ет етке, сорпа бетке», – дейді көңілді жігіт.
Желіде бұл азаматқа риза болып жатқандар көп. Оның қазақша сөйлеп, қазақша ет асқаны көптің көңілінен шыққан.
«Тіпті, африкалықтар мемлекеттік тілді біледі», «Тез арада Тина Канделакиға көрсету керек», «Күшті жігіт», «Қазақша білмейтін қазақтардан ұят болды-ау», «Ас болсын! Жарайсың, қара бала!», «Қазақтың ет бәріне танымал болды», «Бес минутсыз қазақ болып тұр», «Әй, азамат!», «Керемет!» деген пікірлер бар.