Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан
Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі болды, деп деп хабарлайды Qaz365.kz.
ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен бүгін сағат 9:52-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
«Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында – 2 балл. Жағдай тұрақты», – делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.