Есік көлін мемлекетке қайтарыла ма
Алматы облысының тұрғындары өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевке жаппай талап қойып, видеоүндеу таратып жатыр. Олар Есік көлін мемлекетке қайтаруды талап етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Талап
«Марат Сұлтанғазиевтен Есік көлін үкіметке қайтаруды талап етемін», – дейді тұрғындар талабында.
Десе де, Алматы облысы әкімдігі БАҚ арқылы бұл ақпаратқа түсініктемені былай береді.
«Әлеуметтік желіде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Есік көлін жалға бергені туралы жалған ақпарат таралуда. Алайда, іс жүзінде Есік көлі 2024 жылдың 9 қаңтарында коммуналдық меншікке қайтарылды», - дейді әкімдік Алматы ақшамы газеті арқылы.
Басқа БАҚ-тың мәліметі
Orda.kz мәліметінше, сот құрылымды коммуналдық меншікке қайтару жөнінде шешім қабылдаған.
2019 жылдың сәуірінде Есік көліндегі ауданы 141 га болатын бөгет 49 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген. Шарт "Қазэлектроэнергия" ЖШС-мен бір миллиард теңгеден астам сомаға жасалған. Алматы облысының әкімдігі былтыр қаржы басқармасы тексеру жүргізіп, оның барысында бірнеше заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлайды.
"Міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізу кезінде "Қазэлектроэнергия" ЖШС-нің шарттық міндеттемелерінің тиісінше орындалмауы, оның ішінде қаржылық қызмет туралы есептерді ұсынбау, атқарылған жұмыс туралы есептерді уақтылы ұсынбау, көлді тазарту бойынша жоспарланған жөндеу мен жұмыстарды орындамауы, сондай-ақ уәде етілген жұмыс орындарының болмауы анықталды. Ведомствоаралық комиссия құрылып, отырыс өткізілгеннен кейін нысанды коммуналдық меншікке қайтару туралы шешім қабылданды, - деп атап өтті шенеуніктер.
Содан кейін әкімдік ЖШС-ге талап қойып, сот шешімімен шарт бұзылып, бөгет мемлекетке қайтарылған.